Күні: 2025 жылғы 23 сәуір
Орны: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ, Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56 а.
Тақырыбы: «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы
7 қазандағы № 48/13 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/13 «Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатыныңшешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жоба әзірледі.
Облыстың медициналық ұйымдарынан «Дюшен бұлшықет дистрофиясы», «Жұлын бұлшықет атрофиясы», «Псориаз», «Кистозды фиброздың аралас түрі (муковисцидоз)», «Бронхөкпе дисплазиясы», «Орташа дәрежелі ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік», «Анкилоздаушы спондилоартрит», «Жасөспірімдік дерматомиозит», «VII фактор тапшылығы (гипопроконвертинемия), жеңіл түрі», «Түйінді полиартериит», «Атипиялық гемолитикалық-уремиялық синдром», «Өкпені трансплантациялаудан кейінгі жағдай», «Туа біткен жүрек ақауларымен байланысты өкпе гипертензиясы» және «Бүйректің жіті зақымдануы, инфантильді шақтағы нефротиялық синдром жеткіліксіздік сатысында» сияқты аурулардың ауыр ағымы туралы келіп түскен өтініштерге байланысты, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес пациенттерді амбулаториялық деңгейде қосымша дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы өнімдермен, арнайы емдік тамақпен қамтамасыз ету үшін Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 17 қаңтардағы шешіміне өзгеріс енгізу жолымен қажетті дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы өнімдерді және арнайы емдік тамақ енгізуді ұсынады.
Осы жобаны әзірлеудің мақсаты - Солтүстік Қазақстан облысында белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтарды тегін амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған тіркелмеген, бағасы қымбат, орфандық дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы өнімдерді және арнайы емдік тамақ сатып алу. Қаржыландыру көлемі және пациенттерді амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жеткіліксіз, сондықтан қосымша қаражат бөлу қажет. Бұл пациенттерді дәрілік заттармен қосымша қамтамасыз етудің тетіктерін әзірлеуді талап етеді.
Мұндай орфандық (сирек кездесетін) аурулар денсаулық сақтау жүйесінен ерекше назарды талап ететін маңызды медициналық-әлеуметтік мәселе болып табылады. Осыған байланысты, ауыр түрдегі ауруларға шалдыққан науқастарды қымбат, өмірлік маңызды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету өте өзекті деп санаймыз. Бұл дер кезінде, сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге, аурудың болжамын жақсартуға, пациенттердің өмір сүру сапасын арттыруға, сондай-ақ мүгедектік пен өлім-жітім қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Басшының м. а. Н. Ж. Саржанов