Хабарландыру

Хабарландыру

«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК (ары қарай – кәсіпорын) Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды

Кәсіпорын денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызмет атқарады. Мекенжайы: 150007, СҚО, Петропавл қаласы, Пушкин көшесі, 23, тел. 8(7152) 46-43-27.
Сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:1) білім беру немесе денсаулық сақтау салаларындағы кемінде он жыл жұмыс тәжірибесінің; 2) білім беру немесе денсаулық сақтау салаларындағы басшылық қызметте (заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасарлары) кемінде бес жыл тәжірибесінің;3) білім беру немесе денсаулық сақтау салаларындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуын қамтиды.
Кандидат осы хабарландыру басылып шыққан күннен бастап 30 күн ішінде мына мекенжайға: Петропавл қаласы, Театр көшесі, 56а, 23 кабинетке келесі құжаттарды ұсынады:
1. конкурсқа қатысу жөнінде өтінішін (еркін формада);
2. мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндемесін;
3. автобиография, еркін түрде жазылған (еркін формада);
4. кандидаттың жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесін;
5. жоғары білімі жөніндегі құжаттың нотариалды расталған көшірмесін;
6. еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының нотариалды расталған көшірмесін не соңғы жұмыс орнынан қабылдау және еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтардың көшірмесін;
7. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша комитетінің аумақтық бөлімшелерімен берілген сотты болмағандығы және жемқорлық құқық бұзушылығы болмағандығын растайтын құжаттарды.
Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ тағайындау туралы құжаттардың, ғылыми басылымдардың, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтан мінездеме көшірмесін) қатысты қосымша ақпарат ұсына алады.
Кандидат конкурсқа өтінім тұпнұсқасын конвертке салып, «Түпнұсқа» деп белгілейді. Бұл конвертте кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты және мекенжайы көрсетілуі қажет. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынады.
Ішкі және сыртқы конверттерде:
1) шақыруда немесе кезеңдік баспадағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша сәйкес саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) жолдануы;
2) «Байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы – мемлекеттік кәсіпорынның бақылау кеңесінің мүшелері» және 2025ж. «16» мамыр сағат 17.00 дейін ашпаңыз» сөздері болу қажет.
Конкурстық өтінім мына мекенжайға жіберіледі: Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56 А, каб. 23. Анықтама тел.: 46-94-91.
Конверттерді ашу күні мен орны: 2025 жылдың «16» мамыр, жергілікті уақытпен
17.00, Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56 А, каб. 23
Конкурсты өткізу күні мен орны: 2025 жылдың «20» мамыр, жергілікті уақытпен 17.00, Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56 А, каб. 23