Объявление

Объявление

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№ 1 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі- кәсіпорын) Бақылау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.
Кәсіпорын денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асырады. Кәсіпорынның мекенжайы: Петропавл қаласы, М.Әуезов көшесі, 130, телефоны 8 715-2-52-70-13.
Конкурс мүшелеріне қойылатын талаптар: жоғары білімі сондай-ақ төмендегі талаптардың бірі болуы тиіс:
1) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі;
2) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында басшылық қызметте кемінде үш жыл басшылық қызмет тәжірибесі (заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасарлары);
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) /құқық салаларындағы қоғамдық бірлестіктерде мүшелігі.
Үміткер осы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Петропавл қаласы, Театр көшесі, 56 а, 23-кабинет мекенжайы бойынша келесі құжаттарды ұсынады:
1. конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін түрде);
2. мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3. өмірбаян (еркін түрде);
4. үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5. жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмесі ;
7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің аумақтық бөлімшелері берген сотталмағанын және сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтары болмағанын растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін жоғарылатуы, ғылыми дәрежелер мен атақтар алғаны, ғылыми жарияланымдары туралы құжаттар көшірмесі, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) қатысты қосымша ақпарат бере алады.
Қатысушы «Түпнұсқа» деп белгілей отырып, конкурстық өтініштің түпнұсқасын конвертке салып жібереді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Мұнан соң конверт тағы конвертке салынып жабылады.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1. Сәйкесті саланың өкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) шақыруда немесе бұқаралық ақпарат құралында көрсетілген мекенжай бойынша жолдануы тиіс;
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№ 1 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Бақылау кеңесі мүшелерінің конкурсы» сөздері және «2025 жылғы 17 ақпан күні сағат 17 сағат 00 минутқа дейін «ашуға болмайды» сөздері болуы тиіс.
Конкурстық өтініш мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада жолданады. Құжаттар 2025 жылғы 15 ақпанға дейін қабылданады. Бақылау кеңесі мүшелерін іріктеу бойынша конкурс 2025 жылғы 19 ақпан күні сағат 17.00-де мына мекенжайда өткізіледі: Петропавл қаласы, Театр көшесі, 56а, 20-кабинет. Анықтама алу телефоны: 46-94-91 .