Пресс-релиз

Пресс-релиз

Күні: 2024 жылғы 16 сәуір

Орны: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ, Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56 а.
Тақырыбы: «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/13 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/13 «Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатыныңшешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жоба әзірледі.
Осы жобаны әзірлеу мақсаты, тіркелмеген, қымбат тұратын онкологиялық дәрілік заттарды сатып алуға, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында тегін негізде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтар үшін мамандандырылған емдік тамақтануды сатып алуға бағытталатын болады. Қаржыландыру көлемі және пациенттерді амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамту толық емес болып қалады, қосымша қаражат бөлу қажет, бұл пациенттерді дәрілік заттармен қосымша қамтамасыз ету жөніндегі тетіктерді әзірлеуді талап етеді.
Облыстың медициналық ұйымдарының «Оң бүйректің қатерлі ісігі», «Ауыр дәрежелі орталық жүйке жүйесінің гипоксиялық-ишемиялық зақымдануы» сияқты аурулардың ауыр ағымы туралы келіп түскен өтініштеріне байланысты, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы»КММ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес пациенттерде мидың ақ затын энцефаломаляциялау және оларды амбулаториялық деңгейде қосымша дәрілік заттармен қамтамасыз ету Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 15 ақпандағы шешіміне өзгеріс енгізілді.
Мұндай сирек кездесетін аурулар маңызды медициналық-әлеуметтік проблема болып табылады. Қатерлі ісіктермен және жүйелі тұқым қуалайтын аутосомды-рецессивті аурулармен сырқаттанушылықтың әлеуметтік маңыздылығы әртүрлі этиологиялық факторларға және емдеудің күрделілігіне байланысты.
Осыған байланысты ауыр науқастарға ауруларды емдеуде сапалы, уақтылы, қауіпсіз медициналық көмек көрсету үшін қымбат дәрі-дәрмектерді, мамандандырылған тамақтануды алуға мүмкіндік беру қажет деп санаймыз.

Басшының м.а.                                                                          Қ.Бижанов