2023 жылдың 14 қарашасы күні, таңертең Қазақстан Республикасының халық саны 20 миллионнан асты.

2023 жылдың 14 қарашасы күні, таңертең Қазақстан Республикасының халық саны 20 миллионнан асты.

Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 08:10-да туылған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар.
Біздің орталықта 16 қарашада еліміздің 20 миллионға дейін жетуіне жуықтатқан балалардың аналарын салтанатты құттықтау шарасы өтті.
СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Тілебалдыұлы Күсеміов, СҚО КБОА бас директоры Сәкен Өмірсерікұлы Әмрин аналар мен сәбилерді құттықтауға келді.
Соңғы 5 жылда ҚР халқының саны 8,8%-ке, ал еліміздегі балалардың саны 6,6 млн-ға жетті. Былтырғы жылы босандыру қызметінің үйлесімді жұмысының арқасында 410 кішкентай қазақстандық дүниеге келген болса, биылғы жылдың басында нәрестелердің саны 339 650-ді құрады.
Біздің орталықта қауіпсіз ана болу принциптері енгізіліп, салмағы 500 грамнан басталатын шақалақтарды күтуге арналған заманауи терапия және реанимация технологиялары қолданылады.
Сәби жастағы ауру-сырқауларды ерте анықтау және дер кезінде түзету мен емдеу мақсатында скринингтік бағдарламаларды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ерте шара қолдану, өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік маңызы бар аурулар жүктемесін азайту мақсатымен тұқым қуалайтын зат алмасу ауруларын, сенсорлық бұзуларды диагностикалаудың жаңа тәсілдері енгізілуде.

Құттықтаймыз!