Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Жамбыл ауданының тыныс-тіршілігімен танысты. Кладбинка ауылында медициналық пункттің құрылысы аяқталуда. Пресновкада 16 пәтерлі тұрғын үй қалпына келтіріліп, кезекте тұрғандар баспанаға ие болады.
Биыл аудан орталығында заманауи спорттық сауықтыру кешені пайда болады. Өнер мектебінде балаларды шығармашылыққа баулуда. Жамбыл ауылында СҚО әкімі «Алисарай» серіктестігінің сүт фермасының құрылысын бақылады.
Өңір басшысы Қайранкөл ауылындағы мәдени-демалыс орталығында болып, тұрғындармен кездесті. Благовещенка ауылында «Династия Агро» серіктестігінің өсімдік майын өндіретін цех жұмыс істейді, бұл кәсіпорында ауыл шаруашылығы ұйымдарының басшыларымен кездесті.