Күні: 2023 жылғы 21 қыркүйек
Орны: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ, Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56 а
Тақырыбы: «Медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету»
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/15 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жоба әзірледі.
Бұл жоба Солтүстік Қазақстан облысындағы дәрігерлердің тапшылығына байланысты әзірленді.
Сондықтан өңірге кадрлар тарту үшін айтарлықтай жұмыс жүргізілді.
Қазақстан Республикасының өңірлері мамандарды тарту бойынша шаралар қабылдауда, көтерме жәрдемақы мөлшерлемелері көтерілуде, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан өңірдегі кадрлар тапшылығын азайту және оларды жұмысқа тарту үшін жас мамандар үшін әлеуметтік пакетті ұлғайтуға тапсырма берілді.
Осыған байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жас мамандарды әлеуметтік қолдау көлемін ұлғайту жағына қарай қайта қарау қажет деп санаймыз, бұл медицина кадрларының тапшылығын қысқартуға, мерзімдерін қысқартуға және медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.