СҚО Денсаулық сақтау басшылығы балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

СҚО Денсаулық сақтау басшылығы балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

1950 жылдан бастап жаздың бірінші күні бүкіл әлемде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл күні барлық мектептерде, балалар мекемелерінде концерттер, кештер болады. Бүгін Петропавл қаласының «Сәбилер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалары тамаша мереке ұйымдастырды. Бұл жерде қонақтарды шақыра отырып, балаларға арналған ертеңгілік және ойын-сауық іс-шараларымен атап өту дәстүрге айналды.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Құсемісов аталған мекеменің балаларын құттықтады.

«Осы балалардың балалық шағы бақытты және қуанышты болуы үшін болашақта олар бақытты және дені сау адамдарға айналуы үшін біз бар күшімізді салуымыз керек», - деп атап өтті басқарма басшысы.

Сондай-ақ, іс-шарада СҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің, СҚО бойынша кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қалалық білім бөлімінің, Петропавл қаласының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің, «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС, «Аналар үйі» ҚҚ өкілдері, «Әйелдер күштері Альянсы» ҚБ, іскер әйелдер қауымдастығы, қалалық мәслихат депутаты, «КОПРЗ AQNIET» ҚБ СҚОФ төрағасы, «Арман-Тау» ЖШС өкілдері, көпсалалы облыстық ауруханасының директоры, көпсалалы облыстық балалар ауруханасының директоры, балалар үйінің ардагерлері де балаларды құттықтап, сыйлықтар табыс етті.