«Облыстық көп бейінді балалар ауруханасы» байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды

«Облыстық көп бейінді балалар ауруханасы» байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды

«Облыстық көп бейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК
(әрі қарай – кәсіпорын) Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды

Кәсіпорын денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызмет атқарады. Мекенжайы: 150007, СҚО, Петропавл қаласы, Пушкин көшесі, 23, тел. 8(7152) 46-43-27, 46-48-13.
Үміткерлерге қойылатын талаптар жоғары білімді, сондай-ақ мынадай талаптардың бірін қамтиды: 1) Денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық бейіні бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы. 2) Денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның және экономика/қаржы және бизнес және басшы лауазымындағы құқық бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы. 3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және(немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік.
Кандидат осы хабарландыру басылып шыққан күннен бастап 30 күн ішінде мына мекенжайға: Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56а, 23 кабинетке келесі құжаттарды ұсынады;
1. конкурсқа қатысу туралы өтінішін (еркін формада);
2. мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндемесін;
3. өмірбаян (еркін формада);
4. кандидаттың жеке тұлғасын куәландыратын құжатының көшірмесін;
5. жоғары білімі жөніндегі құжаттың көшірмесін;
6. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесін;
7. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша комитетінің аумақтық бөлімшелері берген сотты болмағандығын және жемқорлық құқық бұзушылығы болмағандығын растайтын құжаттарды.
Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ тағайындау туралы құжаттардың, ғылыми басылымдардың, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтан мінездеме көшірмесін) қатысты қосымша ақпарат ұсына алады.
Қатысушы конкурсқа өтінім тұпнұсқасын конвертке салып, «Түпнұсқа» деп белгілейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және мекенжайы көрсетілуі қажет. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынады.
Ішкі және сыртқы конверттерде:
1) шақыруда немесе маусымдық баспадағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) жолдануы;
2) «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Облыстық көп бейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және «2023 жылдың «29» маусым сағат 17.00-ге дейін ашпаңыз» сөздері болу қажет.
Конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде бір нұсқадан жолданылады.
Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56а, 23 кабинеті мекенжайы бойынша 2023 жылдың «17» шілде сағат 17.00-де өткізіледі.
Анықтамалар үшін телефон: 46-94-91