Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы алқасының отырысы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы алқасының отырысы

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы 2023 жылғы 25 мамырда Көп бейінді облыстық аурухана базасында облыстың медициналық ұйымдарының директорларымен алқа өткізді.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ЖМИ кезіндегі медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу бойынша Жол картасын іске асыру жөніндегі ақпарат. Баяндамашы- А.А.Молжігітов
  2. Барлық деңгейдегі инсультпен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету проблемаларын талдау. Баяндамашы – И.М. Дмитриева
  3. Облыстың ведомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуі бойынша ақпарат. Баяндамашы – К.А.Сәрсенов
  4. Солтүстік Қазақстан облысындағы босандыру қызметі бойынша есеп. Баяндамашы- Е.С.Калюжная
  5. Солтүстік Қазақстан облысындағы сәбилер мен балалар өлімін талдау. Баяндамашы – Н.Б.Айманов

Алқа қорытындысы бойынша барлық мәселелерге талдау жүргізілді. СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы К. Т. Қүсемісов медициналық ұйымдардың жұмысындағы проблемалық сәттерді атап өтіп, оларды жою жөнінде тапсырма берді.