БАҚЫЛАУ КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІНІҢ КОНКУРСЫНЫҢ БАСТАЛУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

БАҚЫЛАУ КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІНІҢ КОНКУРСЫНЫҢ БАСТАЛУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

         «СҚО әкімдігінің  денсаулық  сақтау  басқармасы» КММ «Уәлиханов аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК бақылау кеңесі мүшелерінің конкурсы басталғаны туралы хабарлайды. Кәсіпорынның мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл селосы, С.Маликов көшесі, 100, телефон 8(71542) 22-1-97.

Негізгі қызметтің сипаттамасы – денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру.

Талаптар жоғары білімінің, сондай-ақ келесі талаптардың бірінің болуын қамтиды:

1) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

2) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні және (немесе) экономика/қаржыжәне (немесе) бизнес және (немесе) құқық бойынша басшы лауазымда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік.

Бақылау кеңесінің мүшесі болып:

1) өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;

2) осы заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам заңды тұлғаның басшысы болған;

 3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4) бақылау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы тұлға сайланбайды. 

Кандидат осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 30 күн ішінде мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда);

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) Өмірбаян (еркін нысанда);

4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген сотталғандығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгілеп, конвертке салып мөрлейді. Бұл конверте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекен жайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді. 

Ішкі және сыртқы конверттер:

1) Петропавл қаласы, Театральная көшесі 56А, 14 каб. мекенжай бойынша «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ жіберілуі тиіс;

2) «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ Бақылау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және «2023 жылдың 22 маусымына дейін ашпаңыз» деген сөздер болуы тиіс (шақыруда немесе мерзімді баспасөздегі ақпаратта көрсетілген, конверттерді ашу күні мен уақыты).

 

Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс 2023 жылғы «30» маусым сағат 17.00-де  Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56А,14 каб. мекен жайы бойынша өткізіледі.