Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде медбикелер күнін атап өтті

Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде медбикелер күнін атап өтті

12 мамырда дәстүрлі түрде бүкіл әлемде Медбике күні аталып өтеді. Дәл осы күні ауа-райы, уақытпен санаспай, жалпы қандай жағдай болмасын мұқтаж жандарға кәсіби медициналық көмек көрсетуге әрдайым дайын абзал жандарға құрмет көрсетіледі.

Осы атаулы күнге арналған салтанатты іс-шара бүгін дәстүрлі түрде Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің қабырғасында өтті.

Қазіргі уақытта мейірбикелер денсаулық сақтау қызметкерлерінің ең көп санатын құрайды, өйткені медициналық тәжірибеде медициналық қызметтердің үлкен үлесін тек мейірбике қызметкерлері көрсетеді.

53 медбике түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды, олардың ішінде "Денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" ведомстволық медальдары, Денсаулық сақтау министрінің, облыс, қала әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары және "AMANAT"партиясының алғысы болды.

Медицина қызметкерлерінің кәсібилігі мен құзыреттілігі – бұл бүкіл денсаулық сақтау жүйесі негізделген қазық.

Құрметті медбикелер, сіздер өз өмірлеріңізді адамдарға қызмет етуге, олардың денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасауға арнадыңыздар. Сіздерге өзара іс-қимыл, табыс, жағымды ынтымақтастық үшін шын жүректен алғыс айтамыз және шын жүректен жақсы көңіл-күй әрі пациенттердің алғысына бөлене берулеріңізді тілейміз!