Мемлекеттік қызметтер бойынша семинар-кеңес

Мемлекеттік қызметтер бойынша семинар-кеңес

          2023 жылғы 13 ақпан күні мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының қатысуымен (бұдан әрі - Мемлекеттік қызметтер басқармасы) медициналық-санитарлық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ведомствоға бағынысты медицина ұйымдарында онлайн-семинар өткізілді. Семинарда «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер) кезінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің нормаларын сақтау талқыланды.
          МСАК ұйымы жеке тұлғаларға өз бетінше жүгінген кезде немесе «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетеді.
          Мемлекеттік қызмет құжаттарды тапсырған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салу МСАК ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін 2 (екі) сағат бұрын (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін) қабылданады.
          Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі «Жеке кабинетке» электрондық құжат нысанында тіркелгені туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту болып табылады.
         Мемлекеттік қызметтер басқармасы мемлекеттік қызметтер көрсетуді жақсарту және ақпараттық жүйелердің жұмысы жөнінде ұсыныстар енгізуді ұсынды.