Қазақстан тұрғындары тегін дәрі-дәрмек алуға құқылы. Тегін дәрі-дәрмекті белгілі ауруы бар, яғни медициналық көрсеткіштері бар адамдар ғана ала алады. Тегін дәрі-дәрмектер тізімі ҚР Денсуалық сақтау Министірлігінің 2021 жылдың 5 тамызындағы №75 Бұйрығында көрсетілген (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023885).
Бүгінгі таңда амбулаториялық деңгейде ТМККК шеңберінде 54 ауру қарастырылса, ал МӘМС бойынша 127 ауру түрі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету келесі ауру түрлері үшін жасалады:
Дәрі-дәрмекті алу үшін науқас өзінің учаскелік дәрігеріне жүгінуі қажет. Дәрігер науқасқа оның медициналық көрсеткіштері және қажеттілік болған жағдайда дәрі-дәрмекке рецепт жазып береді. Берілген рецептті науқас өзінің жеке басын куәландыратын құжатымен бірге емхананың дәріханасына жолығуы тиіс.
Ауруды емдеу және диагностиканың клиникалық протоколдарына сәйкес, науқас медицналық кызметті жедел жәрдемнен, тәуліктік және күндізгі стационардан алған жағдайда дәрі-дәрмек тегін беріледі.