"СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК

"СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК

"СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ "Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК (бұдан әрі-кәсіпорын) Кәсіпорын басшысының бос лауазымына конкурс жариялайды

Кәсіпорын денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асырады. Кәсіпорын мекенжайы: 150800, СҚО, Булаев қ., Мир к-сі, 8 ғимарат , тел. 8(71531) 2-81-25, 2-81-28 zhumabaev_rb@sqo.gov.kz Үміткерлерге қойылатын талаптар: "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша қайта даярлау туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санатын беру туралы куәлік; немесе "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық" (немесе) даярлау бағыты бойынша жоғары білім немесе "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес және құқық " даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім; немесе full time немесе МВА executive дәрежесі; Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы; Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

Кандидат осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде электрондық түрде кадр бөлімін электрондық пошта мекенжайына ұсынады zhumabaev_rb@sqo.gov.kz келесі құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білім туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;

5)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурс жариялаған кәсіпорынға құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде құжаттарды ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.

Конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данадан жіберіледі.

Бақылау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша Конкурс 2022 жылғы "19" желтоқсан сағат 16-00-де мына мекенжай бойынша өткізіледі: Булаево қ., Зеленая к-сі, 35, каб.232.

Анықтама телефоны: 2-81-28