Жеке тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарына бекiту науқанын өткiзудiң басталуы туралы ақпарат

Жеке тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарына бекiту науқанын өткiзудiң басталуы туралы ақпарат

«Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2020 жылғы 13 қарашадағы №ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен бекiтiлген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекiту қағидаларына сәйкес 2022 жылғы 15 қыркүйектен бастап 15 қарашаға дейiн медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекiту науқанының басталғаны туралы хабарлайды.