Солтүстiк Қазақстан облысына «Шеврон Мунайгаз Инк» компанияларынан гуманитарлық көмектiң түсуi

Солтүстiк Қазақстан облысына «Шеврон Мунайгаз Инк» компанияларынан гуманитарлық көмектiң түсуi

08 тамыз күнi «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы» КММ-не «Шеврон Мунайгаз Инк» компанияларынан гуманитарлық көмек түстi. Құрамында Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша денсаулық сақтау жүйесi қызметкерлерiнiң «SENIM» кәсiподағы және «Қызыл ай» қоғамының Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалы — қоғамдық бiрлестiктерiнiң басшылары кiретiн, Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен гуманитарлық көмектi бөлу бойынша құрылған комиссия Преднизалон — 30 мг/мл, 1 мл. вена және бұлшықет енгiзуге арналған ерiтiндiнiң 2645 ампуласын қабылдады.

Бұл гуманитарлық көмек Солтүстiк Қазақстан облысының медицина ұйымдарына бөлiнiп берiледi.