Солтүстiк Қазақстан облысына Agip Caspean Sea B.V. (ЭНИ) және «Шеврон Мунайгаз Инк» компанияларынан гуманитарлық көмектiң түсуi

Солтүстiк Қазақстан облысына Agip Caspean Sea B.V. (ЭНИ) және «Шеврон Мунайгаз Инк» компанияларынан гуманитарлық көмектiң түсуi

03 тамыз күнi «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы» КММ-не Agip Caspean Sea B.V. (ЭНИ) және «Шеврон Мунайгаз Инк» компанияларынан гуманитарлық көмек түстi. Құрамында Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша денсаулық сақтау жүйесi қызметкерлерiнiң «SENIM» кәсiподағы және «Қызыл ай» қоғамының Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалы — қоғамдық бiрлестiктерiнiң басшылары кiретiн, Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен гуманитарлық көмектi бөлу бойынша құрылған комиссия Надропарин –инъекцияларға арналған ерiтiндiнi, 2850 МЕ анти Ха/0,3 мл шприцте 0,3 мл  — шприцтi, Надропарин — инъекцияларға арналған ерiтiндiнi, 5700 МЕ анти Ха/0,6 мл шприцте 0,6 мл -10 шприцтi, Пипекурония бромид — венаға енгiзуге арналған ерiтiндi әзiрлеуге арналған ұнтақты 4 мг, ерiткiшпен жиынтықта (0,9 % натрия хлорид ерiтiндiсi) — 50 флаконды, Фондапаринукс натрия — терiге және венаға енгiзуге арналған ерiтiндi 2,5 мг/0,5 мл алдын ала толтырылған шприцтерде 0,5 мл — 220 шприцтi, Эноксапарин — инъекцияларға арналған ерiтiндi шприцтерде 6000 анти-Ха МЕ/0,6 саны — 450 шприцтi қабылдады.

Бұл гуманитарлық көмек Солтүстiк Қазақстан облысының медицина ұйымдарына бөлiнiп берiледi.