Солтүстік Қазақстан облысына Agip Caspean Sea B.V. (ЭНИ) және «Шеврон Мунайгаз Инк» компанияларынан гуманитарлық көмектің түсуі

Солтүстік Қазақстан облысына Agip Caspean Sea B.V. (ЭНИ) және «Шеврон Мунайгаз Инк» компанияларынан гуманитарлық көмектің түсуі

25 шілде күні «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-не Agip Caspean Sea B.V. (ЭНИ) және «Шеврон Мунайгаз Инк» компанияларынан гуманитарлық көмек түсті. Құрамында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің «SENIM» кәсіподағы және «Қызыл ай» қоғамының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы – қоғамдық бірлестіктерінің басшылары кіретін, Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен гуманитарлық көмекті бөлу бойынша құрылған комиссия 45 600 жұп перчатканы қабылдады.

Бұл гуманитарлық көмек Солтүстік Қазақстан облысының медицина ұйымдарына коронавирустық инфекциямен күрес үшін бөлініп беріледі.