«Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында «Нефрология және эфференттік терапия орталығын» ашу» МЖӘ жобасына бастамашылық туралы хабарлама

«Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында «Нефрология және эфференттік терапия орталығын» ашу» МЖӘ жобасына бастамашылық туралы хабарлама

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының» 133-тармағына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға мүдделілік туралы балама ұсыныстарды тарту мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында «Нефрология және эфференттік терапия орталығын» ашу» жобасын (бұдан әрі – МЖӘ жобасы) бастамашылық ету туралы хабарлайды.

Инвестициялар сомасы: 141 851 мың теңге.

Жобаны іске асыру кезеңі: 2022-2032 жж.

МЖӘ жобасының алдын ала мерзімі:10 жыл.

Қызмет түрі: медициналық қызмет.

Бюджеттен төленетін болжамды төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары: денсаулық сақтау ұйымдарына үй-жай беру.

Өңірдегі тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге нақты қажеттілік: Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында бүйрек ауруларымен Д-есепте балаларды қоса алғанда 566 пациент есепте тұр. Олардың ішінде 197 –  бүйректің созылмалы ауруының 5 атысында бүйректің алмастыратын терапиясы гемодиализбен, 140 – гломерулярлық аурулармен, 227 – бүйректің созылмалы ауруының 3-4 сатысында.

Жекеше әріптестер МЖӘ-ге мынадай нысандарда қатысады: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы №379-V заңының 44-бабына сәйкес тікелей келіссөздер.

Жоба техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылмайды.

Жобаны инвестор қаражаты есебінен іске асыру жоспарланған. Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер хабарламада көрсетілген талаптарға, сондай-ақ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығының 130-тармағында көрсетілген жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге сәйкес баламалы ұсынысты ұсынады.

Әлеуетті жекеше әріптес «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 32-бабында белгіленген жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі: жарияланған күннен бастағанда
30 күнтізбелік күн.

Анықтама үшін:

телефондар: 8(7152)46-92-83, 52-51-65

е-mail: zdrav@sqo.gov.kz, mattech_zdrav@sqo.gov.kz

Мекен-жай: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56А.

Уәкілетті тұлға: Мұхамедқали Сағат Сартайұлы стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы.