Донор болу – қауіпсіз!

Донор болу – қауіпсіз!

Донор болу қауіпсіз бе? Донорлық қан мен плазманы құю кезінде АИТВ жұқтырып алу мүмкін бе? 

Донор болу – қауіпсіз!

АИТВ-ны жұқтыру тұрғысынан қан тапсыру донор үшін ешқандай қауіп төндірмейді. Барлық манипуляциялар қатаң стерильденген медициналық құралдармен және негізгі қауіпсіздік ережелеріне сәйкес орындалады. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің ресми деректер бойынша 2007 жылдан бастап донорлық кезінде адамдардың АИТВ жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ.

Қан қызметіндегі инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі қорғау шараларының тұтас кешенін білдіреді. Бірінші кезеңде донорлыққа жауапты, донорлар мен тұлғалар жөніндегі ақпараттық деректер базасы арқылы тексеру жүргізіледі. Екінші кезеңде әлеуетті донорлар «қауіпті мінез – құлық» факторларын — есірткіге тәуелділікті, қорғансыз жыныстық қатынастарды, дәстүрлі емес жыныстық бағдарды және т.б. анықтау мақсатында міндетті құпия сауалнамадан өтеді. Осыдан кейін әлеуетті донор терапевтке тексеруге жіберіледі, оның барысында дәрігер сауалнаманы талдайды, тексеру жүргізеді, қосымша сұрақтар қояды.

Донорлық қан мен оның компоненттерін дайындау кезінде мамандардың пікірінше, мүлдем қауіпсіз болып табылатын тиімді аппараттық әдістер қолданылады.

Қазақстанда халықаралық стандартқа сәйкес трансфузиялық инфекциялар маркерлеріне донорлық қанның екі сатылы скринингі жүзеге асырылуда.

Бұдан басқа, реагенттер мен қан үлгілерін өз бетінше басқаратын және зерттеу нәтижелеріне адам факторының әсерін толығымен жоятын толық автоматтандырылған жабдықта донорлық қан зерттеулерін жүргізу талабы нормативтік түрде бекітілген. Сондай-ақ, медициналық ұйымдардың жұмысына шағымдар туындаған жағдайда арбитраждық зерттеулер жүргізу үшін әр донациядан қан үлгілерін 3 жылға мұрағаттау талабы бекітілген.

Қан орталықтарындағы автоматтандырылған ақпараттық бағдарлама оның қауіпсіздігін растайтын зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алмай, қан компоненттерін емдеу желісіне шығаруға мүмкіндік бермейтіндей етіп жасалған.

Сонымен қатар, қан компоненттерін қосымша өңдеу әдістері де қолданылады – карантиндеу, вирусинактивация, лейкофильтрация.

Донорларды АИТВ-ға тестілеу.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, донор болғысы келетін барлық адамдар міндетті түрде АИТВ-ға тексерілуі тиіс. Тексеруден бас тартқан жағдайда адам донор бола алмайды. Егер талдау барысында АИТВ-инфекциясы анықталса, адам донорлықтан мерзімсіз шеттетіледі. Донорлық қаннан плазма препараттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы жүйе бар. АИТВ-ға алғашқы тексеруден кейін донор алты ай бойы қадағаланады, содан кейін АИТВ-ға тест қайталанады. Бұл зерттеу қандағы вирусты түзете алмайтын «серологиялық терезе» кезеңін болдырмау үшін жасалады. Қайта тексерілгенге дейін донорлық плазма арнайы үй-жайда сақталады. АИТВ-ға қайталама талдау теріс болған жағдайда ғана плазманың бірінші порциясын клиникалық практикада пайдалануға болады. Ең сенімді нәтижеге қол жеткізу үшін донорлар ең сапалы заманауи тест жүйелерімен тексеріледі.

Донорлық қанды зерттеу.

Әрбір тапсырылған қан дозасын былайша зерттейді:

  • қан тобын (АВ0, Rh - және Kell) жүйелері бойынша анықтайды;
  • эритроциттерге антиденелердің болуына және гемотрансмиссивті инфекциялар: В гепатиті, С гепатиті, мерез және АИТВ-1, 2 маркерлерінің болуына тестіленеді.

Бастапқы донорда қан тобын АВ0 жүйесі бойынша алғашқы барған кезде анықтайды, өйткені анықтау медициналық тексеру барысында экспресс-әдіспен жүргізіледі және кейіннен зертханада тексеріледі. Донордың саусағынан алынған қан тамшысына қан тапсырмас бұрын гемоглобин мен АЛТ деңгейі де анықталады.

Қанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрбір тапсырылған қан дозасы үшін Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген мынадай талдау әдістері жүргізіледі:

  1. иммунологиялық зерттеу-иммуноферментті талдау( ИФТ); иммунохемилюминесценттік талдау (ИХЛТ); пассивті гемагглютинация реакциясы (ПГР); иммуноблотинг (ИБ);
  2. молекулалық-биологиялық зерттеу — полимеразды-тізбекті реакция (ПТР).

Донорлық қан үлгілерін АИТВ-1,2, В, С гепатиттеріне, мерезге зертханалық зерттеу жабық үлгідегі автоматты талдауыштарда екі кезеңде жүзеге асырылады:

I кезең — АИТВ-1,2, СВГ, ВВГ, мерез маркерлерінің болуын ИФТ немесе ИХЛТ әдістерімен иммунологиялық зерттеу;

II кезең — донорлық қан үлгілерін АИТВ-1,2 РНҚ, СВГ және ВВГ ДНҚ болуына молекулярлық-биологиялық зерттеу I кезеңде ПТР әдісімен теріс нәтиже кезінде жүргізіледі.

Донорлық қан үлгілерінің инфекциялық қауіпсіздігі туралы шұғыл нәтиже алу қажет болған кезде иммунологиялық және молекулярлық-биологиялық зерттеулерді қатар жүргізуге жол беріледі.

Иммунологиялық және молекулярлық-биологиялық зерттеулер жүргізу кезінде донорлық қан үлгілерін зерттеудің теріс нәтижелерін алу донорлардың қанын зерттелген инфекцияларға қатысты инфекцияланбаған деп есептеуге негіз болып табылады.

Донорлық қанның бастапқы оң үлгілеріне В,С гепатиттері, мерез, АИТВ маркерлерінің болуына қайталама және растайтын зерттеулер жүргізгеннен кейін теріс нәтиже алынған кезде донор кейіннен бақылау иммунологиялық және молекулярлық-биологиялық зерттеумен 6 ай мерзімге қанды донациялаудан шеттетіледі.

Донорлық қанның бастапқы оң үлгілеріне В,С гепатиттері, мерез, АИТВ маркерлерінің болуына қайталама және растайтын зерттеулер жүргізгеннен кейін теріс нәтиже алынған кезде донор кейіннен бақылау иммунологиялық және молекулярлық-биологиялық зерттеумен 6 ай мерзімге қанды донациялаудан шеттетіледі.

Қан компоненттері алғашқы скринингтің күмәнді немесе оң нәтижелерін алғаннан кейін алғашқы үш тәулік ішінде кәдеге жаратылады.

Осы мерзім өткеннен кейін донор қайта келген кезде қан донорлығына жіберу теріс бақылау талдауларын алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

6 айдан кейін серологиялық бақылау кезінде инфекциялар маркерлеріне белгісіз немесе оң нәтижелер алынған кезде донор донорлықтан мерзімсіз шеттетіледі.

Перифериялық қанның гемопоэздік дің жасушаларының донорларын қоспағанда, В, С гепатиттері мен мерез маркерлерінің болуына қайталама және растайтын зерттеуде оң нәтиже алынған кезде донорлық қан үлгісі жұқтырылған деп танылады, донорлық қан компоненттері жойылады, донор донорлықтан мерзімсіз шеттетіледі.

АИТВ-ға антиденелердің болуына қайта зерттеуде оң нәтиже алынған кезде қан компоненттері жойылады, донор ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың зертханасынан нәтиже алғанға дейін донорлықтан шеттетіледі. ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың зертханасынан оң нәтижелер алынған кезде донор донорлықтан мерзімсіз шеттетіледі, теріс нәтиже алынған кезде донор 6 айға шеттетіледі. Осы мерзім өткеннен кейін донор қайта келген кезде донорлыққа жіберу теріс бақылау талдауларын алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Қан орталықтары донорлық қанның АИТВ инфекциясына скринингінің алғашқы оң нәтижелерін алған кезде қан үлгілері облыстық және қалалық ЖИТС орталықтарына жіберіледі. ЖИТС ОО-ның сұрау салуы бойынша нәтижесі расталған әрбір донор бойынша қан орталықтары эпидемиологиялық тексеру үшін материалдарды ұсынады. Бұл ретте жұқтырған донордан алынған барлық қан компоненттері есептен шығарылады және кәдеге жаратылады. АИТВ инфекциясының анықталған әрбір жағдайы бойынша ақпарат ресми түрде Республиканың барлық өңірлік қан орталықтарына беріледі. Жұқтырған адамдар туралы мәліметтер донорлықтан өмір бойы айыру үшін донорлардың ақпараттық дерекқорына енгізіледі.

Ақпарат медициналық этика және құпиялылық ережелерін сақтай отырып беріледі.

Қан үлгілерін сақтау санкцияланған рұқсаты бар үй-жайда және биологиялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүзеге асырылады. Сақтау мерзімі өткеннен кейін қан үлгілерін кәдеге жарату актісі негізінде кәдеге жарату жүргізіледі.

«Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК эпидемиолог-дәрігері Талғат Жамбылұлы Сартаев.