НЕКРОЛОГ

НЕКРОЛОГ

Бүгiн, 2022 жылдың 2-шi наурызында тамаша адам, керемет дәрiгер, талантты басшы Завьялов Олег Владимирович 59 жасында қайтыс болды.

Олег Владимирович 1963 жылы Қорған облысының Катайск қаласында дүниеге келген.

1986 жылы Омбы мемлекеттiк медицина институтының емдеу факультетiн бiтiрген.

Еңбек жолын Омбы қаласындағы 1 қалалық клиникалық көпбейiндi ауруханада анестезиология бойынша дәрiгер-интерн болып бастады. Кейiн Петропавл қаласындағы облыстық аурухананың анестезиология және реаниматология бөлiмшесiнде анестезиолог-реаниматолог дәрiгерi болып жұмыс iстедi.

2001 жылдан 2012 жылға дейiн Петропавл қаласының облыстық ауруханасында бас дәрiгердiң емдеу iсi жөнiндегi орынбасары болып қызмет еттi.

2012 жылдың желтоқсан айынан бастап осы күнге дейiн Көпбейiндi облыстық балалар ауруханасын басқарды. Оның басшылық еткен 10 жыл iшiнде күрделi және ағымдағы жөндеулер мен медициналық жабдықтармен жарақтандыруды қоса алғанда, облыстық балалар ауруханасының жұмысы айтарлықтай және түбегейлi жақсарды.

"Анестезиология және реаниматология (ересектер)" мамандығы бойынша және "қоғамдық денсаулық сақтау/әлеуметтiк гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру"мамандығы бойынша екi жоғары санаты бар.

Завьялов О.В жұмыс барысында өзiн жоғары бiлiмдi, жақсы теориялық дайындығы және бай клиникалық тәжiрибесi бар жоғары бiлiктi маман ретiнде көрсеттi. Ұйымдастырушылық жұмысты емдiк және қоғамдық қызметпен сәттi үйлестiрдi, науқастарды диагностикалау мен емдеуге белсендi көмектестi. Өзiне және айналасындағыларға талапшыл болды, пациенттер мен әрiптестер арасында беделге ие болды. Жаны жайсаң, өмiрге құштар жан едi.

2016 жылдан бастап Петропавл қалалық мәслихатының депутаты болды. ҚР Денсаулық сақтау Министрлiгiнiң Алғыс хатымен, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң Құрмет грамотасымен, төсбелгiмен марапатталған.

"Денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi", "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" мерейтойлық медалiмен марапатталды.

Солтүстiк Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының ұжымы және барлық медициналық қоғам Олег Владимировичтiң туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңiл айтады. Мейiрiмдi жан, жақсы адам, адал дос, әрiптес, өз iсiнiң шеберi туралы жарқын естелiктер бiздiң жүрегiмiзде мәңгi сақталады.