Хабарландыру

Хабарландыру

«Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ дерекқорға енгiзiлген денсаулық сақтау субъектiлерi арасында 2022 жылға арналған ТМККК шеңберiнде және (немесе) МӘМС жүйесiнде көрсетiлетiн қызметтер көлемдерiн орналастыру рәсiмiн жүргiзедi. ТМККК шеңберiнде және (немесе) МӘМС жүйесiнде 2022 жылға жоспарланған көрсетiлетiн қызметтер көлемiне өтiнiмдердi қабылдау 2021 жылғы 2 желтоқсаннан бастап 10 желтоқсанға дейiн жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау субъектiлерi жоспарланып отырған көлемдерге өтiнiмдi денсаулық сақтау субъектiлерiнен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу веб-порталында https://fms.ecc.kz/ сiлтеме бойынша бере алады.