НЕКРОЛОГ

НЕКРОЛОГ

2021 жылғы 15 қараша күнi 57 жасына қарағанда бiлiктi дәрiгер, тамаша адам — Чесноков Василий Александрович өмiрден өттi. Василий Александровичтiң ғұмыры отанымыздың медицинасына — таңдалған iсiне, мұраттары мен сенiмдерiне жанқиярлықпен қызмет етудiң жарқын мысалы болып табылады.

Науқастың өмiрiн сақтап қалуға мүмкiндiк беретiн жалғыз дұрыс шешiмдi лезде қабылдай алатын қабiлеттi, операциялар жасайтын дәрiгер. Чесноков Василий Александрович 1965 жылы 25 қаңтарда РКФСР Горький облысында дүниеге келдi. Үйленген, қызы бар. Мектептен кейiн Сангурское медициналық колледжiне оқуға түсiп, 1984 жылы «Фельдшер» бiлiктiлiгiмен «Фельдшерлiк» мамандығы бойынша аяқтайды. Өзiнiң медицина саласындағы еңбек жолын В.А. Чесноков 1984 жылы фельдшер қызметiнен бастайды, кейiн Қарағанды мемлекеттiк медицина институтына оқуға түсiп, 1993 жылы «Дәрiгер» бiлiктiлiгiмен «Емдеу iсi» мамандығы бойынша үздiк тамамдайды.

Институтты тамамадағаннан кейiн, 1993 жылы Облыстық перинаталдық орталық базасында «Акушерлiк және гинекология» мамандығы бойынша дипломнан кейiнгi практикалық даярлықтан өттi, оны да өте үздiк аяқтады. 1994 жылы Петропавл қалалық денсаудық сақтау бөлiмiнiң перзентханасында дәрiгер акушер-гинеколог болып жұмыс iстейдi.

1994 жылғы 02.08. Солтүстiк Қазақстан облыстық перинаталдық орталығына обсервация бөлiмшесiнiң дәрiгер акушер-гинеколог қызметiне ауысады, 1997 жылы обсервация бөлiмшесiнiң меңгерушiсi болып тағайындалады, 1999 жылы босанғаннан кейiнгi оңалту бөлiмшесiне акушер-гинеколог лауазымына ауысады, 2001 жылы босандыру блогының аға дәрiгерi болып ауысады.

2002-2008 жылдары «2-шi қалалық аурухана» КМҚК-да гинекология бөлiмшесiнде дәрiгер акушер-гинеколог болып жұмыс iстейдi.

2008-2011 жылдары «Облыстық аурухана» КМҚК-да жедел хирургиялық көмек бойынша дәрiгер-гинеколог лауазымында қызмет еттi.

2011 жылдан бастап «СҚО әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Көп бейiндi қалалық жедел медициналық көмек ауруханасы» ШЖҚ КМК гинекология бөлiмшесiне дәрiгер акушер-гинеколог қызметiне орналасады, 2011 жылдың тамыз айында гинекология бөлiмшесiнiң меңгерушiсi лауазымына тағайындалады.

Қаланың денсаулық сақтау жүйесiндегi адал еңбегi үшiн марапатталды:

2019 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң «Денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» төсбелгiсiмен, сондай-ақ медицина қызметкерi күнiне орай «СҚО әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы» КММ атынан бiрнеше рет Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Ол Солтүстiк Қазақстан облысында гинекология саласында алғашқы болып аз инвазивтi және эндоскопиялық операциялар жүргiзе бастады. Ол консервативтi және операциямен емдеудiң барлық заманауи түрлерiн жақсы бiлдi. Акушерлiк iс және гинекология қызметiнде үлкен тәжiрибеге ие болды, оның бiлiктiлiгiнiң арқасында 10 мыңнан астам сәби дүниеге келдi.

Чесноков Василий Александрович 35 жыл еңбек жолын медицинаға арнаған тамаша ұйымдастырушы, дәрiгер болды.

Ол көп жылдық тәжiрибесi бар талантты дәрiгер және тәлiмгер болды. Өзiнiң бейiнi бойынша жоғары бiлiктiлiк санатына сай барлық қажеттi қасиеттерге ие болды.

Жоғары оқу орындарын бiтiргеннен кейiн онымен бiр ұжымда жұмыс iстеуге мүмкiндiк алған жас мамандар Василий Александровичтi өзiнiң бiлiмi мен тәжiрибесiмен бөлiсетiн тәлiмгер ретiнде еске алады.

Чесноков Василий Александрович өте жарқын өмiр сүрдi, әрқашан белсендi ұстанымға ие болды, ол терең адамгершiлiгiмен, шынайы интеллектiмен, жоғары кәсiбилiгiмен, өмiр сүйгiштiгiмен және оптимистiгiмен ерекшелендi.

Денсаулық сақтау басқармасының ұжымы және Солтүстiк Қазақстан облысының барлық медициналық қоғамдастығы Василий Александровичтiң туыстары мен жақындарына қайғырып көңiл айтады. Бұл керемет адам, әрiптес туралы жарқын естелiк бiздiң жүрегiмiзде мәңгi сақталады.