Қазанама

Қазанама

2021 жылдың 11 қазаны сағат 16:00-де Кардиологиялық орталыққа жіті инфаркт миокардасымен пациентті тасымалдау кезінде жол-көлік апатынан жас маман, дәрігер Каріпбаева Фариза Досалықызы көз жұмды.

Фариза Досалықызы 1993 жылғы 01 қыркүйекте Жамбыл облысындағы Меркін ауданы, Большевик ауылында дүниеге келген.

2019 жылы «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» АҚ-да «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқып, «Жалпы тәжірибе дәрігері» біліктілігіне ие болды.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Западное дәрігерлік амбулаториясына жалпы тәжірибе дәрігері қызметіне қабылданды. 2020 жылғы
01 қарашадан бастап аудандық емханаға жалпы тәжірибе дәрігері қызметіне ауысты және Западное ДА пациенттерін қабылдады.

Аз уақыт ішінде маман тұрғысынан өзін жақсы қырларынан көрсетіп, құзіреттілігімен, ұқыптылығымен көзге түсті. Әріптестерімен жақсы қарым-қатынаста болды. Пациенттер арасында құрметке ие болды.  Пандемия кезінде ең қиын ковидтік және провизорлық бөлімшелерде жұмыс істеп, мобильдік бригада құрамында медициналық көмек көрсетті. 2 жылы жұмыс істеген кезде оннан астам әр түрлі диагноздарымен ауыр пациенттерді облыс орталығына тасымалдады.

Денсаулық сақтау басқармасы және барша медицина жұртшылығы Фариза Досалықызының туған-туыстарына  Асыл адам мен әріптестің бейнесі оны білген адамдардың есінде әрқашанда қалады.