Жоспарланған мемлекеттік-жекеше әріптестік жобасына қызығушылық білдіруге сұрау салу

Жоспарланған мемлекеттік-жекеше әріптестік жобасына қызығушылық білдіруге сұрау салу

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015ж. 25.11. № 725 бұйрығының 12-тармағына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерін, қаржы және өзге де ұйымдарды «Солтүстік Қазақстан облысының аудандық ауруханаларында қазандықтарды сенімгерлік басқаруға беру» жобасын (бұдан әрі — МЖӘ жобасы) жоспарлауға тарту мақсатында осы жобаны іске асыруда әлеуетті жекеше әріптестердің мүдделерін білдіруге сұрау салу туралы хабарлайды.

МЖӘ жобасының негізгі параметрлері

Жобаны іске асыру кезеңі: 2021-2030 жж.

МЖӘ жобасының алдын ала мерзімі: 5 лет.

Қызмет түрі: денсаулық сақтау

Жобаны инвестор қаражаты есебінен іске асыру жоспарланған.

Бюджеттен төленетін болжамды төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары: Жылу энергиясын нақты тұтынғаны үшін шығындарды өтеу.

Жобаға қойылатын негізгі талаптар: қазандық жабдықтарын жаңғырту, денсаулық сақтау объектілерінде нормативтік жылу режимін сақтау.

Кәсіпкерлік субъектілері осы жобаны іске асыруға мүдделі болған жағдайда 2021 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-ні хабардар ету қажет.

Осы жоба бойынша қызығушылығын білдіруге сұрау салу бойынша ұсыныстар мына мекен-жай бойынша ұсынылсын:

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ, Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56А телефоны: 8(7152)469283, 52-51-65 е-mail: zdrav@sqo.gov.kz, mattech_zdrav@sqo.gov.kz

Уәкілетті тұлға: Мұхамедқали Сағат Сартайұлы материалдық-техникалық қамтамасыз ету және Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы.