«Солтүстiк Қазақстан облысының Петропавл қаласында гемодиализ орталығын ашу» МЖӘ жобасына бастамашылық туралы хабарлама

«Солтүстiк Қазақстан облысының Петропавл қаласында гемодиализ орталығын ашу» МЖӘ жобасына бастамашылық туралы хабарлама

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы» КММ 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 «Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобаларын жоспарлау және iске асыру қағидаларының» 133-тармағына сәйкес, мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобасын iске асыруға мүдделiлiк туралы балама ұсыныстарды тарту мақсатында «Солтүстiк Қазақстан облысының Петропавл қаласында гемодиализ орталығын ашу» жобасын (бұдан әрi — МЖӘ жобасы) бастамашылық ету туралы хабарлайды.

Инвестициялар сомасы 300 млн. теңге.

Жобаны iске асыру кезеңi: 2021-2030 жж.

МЖӘ жобасының алдын ала мерзiмi: 10 жыл.

Қызмет түрi: медициналық қызмет.

Бюджеттен төленетiн болжамды төлемдер және (немесе) мемлекеттiк қолдау шаралары: денсаулық сақтау ұйымдарына үй-жай беру.

Өңiрдегi тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге нақты қажеттiлiк: Петропавл қаласы мен Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында 163 азамат бүйрек алмастыру терапиясын алуға мұқтаж. Әлеуеттi жекеше әрiптес мемлекеттiң жобаға қатысуы шеңберiнде жобаны iске асырудың бүкiл кезеңiне мемлекеттiк меншiктi пайдалану құқығын, атап айтқанда одан әрi жаңғырту және саны кемiнде 6 дана диализ аппараттарымен жарақтандыру үшiн денсаулық сақтау ұйымындағы үй-жайларды сұратады, сондай-ақ 15 данадан кем емес диализ аппараттарымен жарақтандыра отырып, меншiк құқығындағы немесе ұзақ мерзiмдi жалға алу құқығындағы әлеуеттi жекеше әрiптестiң үй-жайы базасында гемодиализ орталығын қосымша ашу.

Жекеше әрiптестер МЖӘ-ге мынадай нысандарда қатысады: «Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы №379-V заңының 44-бабына сәйкес тiкелей келiссөздер.

Жоба техникалық жағынан күрделi және (немесе) бiрегей болып табылмайды.

Жобаны инвестор қаражаты есебiнен iске асыру жоспарлануда. Жоспарланған МЖӘ жобасын iске асыруға мүдделi әлеуеттi жекеше әрiптестер хабарламада көрсетiлген талаптарға, сондай-ақ «Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк жобаларын жоспарлаудың және iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығының 130-тармағында көрсетiлген жекеше әрiптестi айқындау жөнiндегi тiкелей келiссөздерге қатысуға арналған өтiнiмге сәйкес баламалы ұсынысты ұсынады.

Әлеуеттi жекеше әрiптес «Мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 32-бабында белгiленген жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуi тиiс.

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы» КММ осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтiзбелiк күн iшiнде баламалы ұсыныстарды қабылдайды.

Анықтама үшiн:

телефондар: 8(7152) 46-92-83, 52-51-65

е-mail: zdrav@sqo.gov.kz, mattech_zdrav@sqo.gov.kz 

Мекен-жай: Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Театральная көшесi, 56А.

Уәкiлеттi тұлға: Мұхамедқали Сағат Сартайұлы материалдық-техникалық қамтамасыз ету және мемлекеттiк сатып алу бөлiмiнiң бас маманы.