"Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК бақылау кеңесі "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ – "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесімен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органының басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшысының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларына сәйкес директордың бос лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурстың өтетін күні мен орны: 2026 жылғы 25 қыркүйек, сағат 16-00, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Мира көшесі, 1, директор кабинеті.
Кәсіпорынның атауы: "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы"КММ. Мекен - жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Мира көшесі, 1. Телефон 8715-35-21-4-37. Электрондық пошта musrep-rp@mail.ru.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорын тіркелген халыққа қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсетуді, сондай-ақ профилактикалық және стационарды алмастыратын көмекті дамыту және жетілдіру жолымен халықтың денсаулығын жақсартуды жүзеге асырады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, босқындарға, шетел азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес бюджет қаражаты есебінен беріледі.
Бос лауазымға орналасуға конкурстың әлеуетті қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары медициналық білім, жоғары оқу орнынан кейінгі оқу курсынан өткені туралы құжаттың болуы, "Денсаулық сақтау менеджменті" білім беру бағдарламасы бойынша, медицина саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілі, соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауаптылыққа (қылмыстық, әкімшілік) тарту туралы мәліметтердің болмауы.
Директордың негізгі лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шартын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазаға тартады, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда өзгеше көзделмесе; белгіленген еңбекке ақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық айлық ақылар мөлшерін, кәсіпорын қызметкерлеріне (өз орынбасарларын және бас есепшіні қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар келесі құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) білім туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек өтілін растайтын құжат (еңбек кітапшасы);
5) 086/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы;
7) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар (қылмыстық, әкімшілік) жасағаны үшін жауапқа тарту туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар көрсетілген құжаттар тізбесін хабарландыруда көрсетілген электрондық мекенжайға ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары мен куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады.
Конкурстың басталу күні: 2026 жылғы 25 қыркүйек, сағат 16-00.
Конкурсқа қатысуға өтініш білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 2026 жылғы 25 қыркүйек, сағат 15-00.
Байқау кеңесінің хатшысы.