Кәсіпорын денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызметті жүзеге асырады. Кәсіпорынның мекен-жайы: СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қ., Крыжановский к-сі, 72 үй, тел. 8(71536) 2-12-57.
Қатысуға ниет білдірген адамдардың құжаттарын қабылдаудың басталу күні, мерзімдік баспасөз басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімінің, сондай-ақ төмендегі талаптардың бірінің болуын қамтиды:
1) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық бойынша басшы лауазымда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) Құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік.
Кандидат осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 30 күн ішінде Петропавл қ-сы, Театральная к-сі, 56 А, 17 каб. мекен-жайы бойынша келесі құжаттарды ұсынады::
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекен-жайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) келесі мекен-жайғажіберіледі: Петропавл қ-сы, Театральная к-сі, 56 А, 17 каб.
2) «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Тайынша көп бейінді ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК Байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және «2026 жылдың 17 тамызы күнгі сағ. 17-00-ге дейін ашуға болмайды» деген сөз жазылған мазмұнда болуы тиісті.
Конкурстық өтінім келесі мекен-жайға жіберіледі: Петропавл қ-сы, Театральная к-сі, 56 а; каб. 17. Анықтама үшін тел.: 46-94-91 электрондық пошта: zdrav@sqo.gov.kz
Конверттерді ашу күні мен орны: 2026 жылдың 17 тамызы күнгі жергілікті уақытпен 17-00-де, Петропавл қ-сы, Театральная к-сі, 56 А, каб. 17.
Конкурсты өткізу күні мен орны: 2026 жылдың 21 тамызы күнгі жергілікті уақытпен 15-00-де, Петропавл қ-сы, Театральная к-сі, 56 А, каб. 17.