Күні : 2026 жылғы «09» шілде.
Орны: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ, Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56 а
Осы жобаны әзірлеу Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінде дәрігерлердің тапшылығымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27-бабы 1-тармағының 14-8) тармақшасына сәйкес негізделген.
Мониторинг жүргізілді, оның нәтижесі бойынша мамандықтардың тапшылығы анықталды, осыған байланысты өңірдің ауылдық елді мекендеріне аса тапшы медициналық мамандықтарды жұмысқа тарту бойынша жұмыс жүргізілді.
Солтүстік Қазақстан облысы мамандарды жұмысқа тарту бойынша шаралар қабылдап жатыр, көтерме жәрдемақы мөлшерлемесі көтерілді, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан өңірге жас мамандарды жұмысқа тарту үшін әлеуметтік пакетті ұлғайту және Қазақстан Республикасы бойынша кадрлар тапшылығын азайту бойынша тапсырма бар.