Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Мұратов өңірдегі бірқатар медициналық нысандардың жұмысымен танысты.

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Мұратов өңірдегі бірқатар медициналық нысандардың жұмысымен танысты.

Сапар барысында вице-министр Бескөл ауылында салынып жатқан жаңа емхананың құрылыс барысын қарап шықты. Аталған нысан іске қосылғаннан кейін аудан тұрғындары үшін алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Тимур Мұратов «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған Қызылжар ауданының Прибрежное ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда болды. Онда халыққа медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және медициналық мекеменің заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілуі мәселелері қаралды.

Вице-министр облыстық онкологиялық орталықтың жұмысын да тексеріп, бейінді бөлімшелердің қызметімен, мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілу жағдайымен және өңірдегі онкологиялық қызметті одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.

Жұмыс сапары денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауға және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.