СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы балалар мен 1 маусымда дүниеге келген алғашқы сәбиді құттықтады.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы балалар мен 1 маусымда дүниеге келген алғашқы сәбиді құттықтады.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәкен Амрин мен облыстық көпбейінді аурухананың директоры Нұрлан Айманов перинаталдық орталыққа барып, Қамқорлық ерте араласу орталығында ем алып жатқан бүлдіршіндермен кездесті. Оларды мейрамдарымен құттықтап, бахытты балалық шақ, денсаулық тіледі. Сонымен қатар, мереке күні дүниеге келген алғашқы сәбиді және оның анасын құттықтады.

Мереке күні алғаш болып өмір есігін ашқан нәресте — қыз бала. Басшылық жас анаға ізгі тілектерін айтып, сәбиге зор денсаулық, бақытты балалық шақ тіледі.

Қуанышты сәтте ана мен балаға балалар дүкеніне арналған сертификат табысталып, естелік сыйлықтар берілді.

Осындай жарқын күні дүниеге келген әрбір сәби — елдің болашағы, отбасының бақыты. Барша балаларға амандық, шат күлкі мен бақытты өмір тілейміз!