Солтүстік Қазақстан облысында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Өңірлік педиатриялық съезд өтті.

Солтүстік Қазақстан облысында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Өңірлік педиатриялық съезд өтті.

Ауқымды форум өңір мен көршілес облыстардың педиатр дәрігерлерін, неонатологтарды, жалпы практика дәрігерлерін, медициналық ұйымдардың басшыларын және балалар денсаулығын сақтау саласының мамандарын бір алаңға жинады.

Съездің негізгі мақсаты – Солтүстік Қазақстан облысының педиатриялық қызметін дамыту, озық тәжірибе алмасу, балаларға медициналық көмек көрсетудің заманауи тәсілдерін талқылау және балалар денсаулығын сақтау саласына инновациялық технологияларды енгізу.

Форум жұмысына Алматы және Астана қалаларынан келген жетекші республикалық спикерлер мен бас штаттан тыс мамандар, Қостанай және Ақмола облыстарының өкілдері, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының педиатриялық қызметінің мамандары қатысты.

Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Бала құқықтары, отбасы және әйелдер мәселелері жөніндегі уәкіл, облыстық мәслихат депутаты Сәуле Қуандыққызы Сураганова да қатысты.

Съезд аясында педиатриядағы инновациялық технологиялар, балалар денсаулығын сақтау жүйесін дамыту, Қазақстан Республикасындағы көпбейінді балалар ауруханаларын жаңғырту, сондай-ақ еліміздің өңірлері бойынша статистикалық деректерді талдауға арналған 14 баяндама ұсынылды.

Форум кәсіби диалог жүргізуге, медициналық қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және балалар денсаулығын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.