СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Мамлют аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК бақылау кеңесі «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Мамлют аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі – кәсіпорын) директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу күні:
- Осы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күннің ішінде Кәсіпорында құжаттарды қабылдау;
- Байқау кеңесінің құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдау;
- Байқау кеңесінің кандидаттарды жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу (әңгімелесу кестесіне сәйкес).
Конкурсты өткізу орны: Солтүстік Қазақстан облысы, 150900, Мамлют ауданы, Мектеп интернат көшесі, 17 ғимарат, телефон 8 (71541) 20732, 8 777 4212753.
Кәсіпорынның негізгі қызметі – медицина қызметі
Негізгі лауазымдық қызметтер:
Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық заңдылықтарын ұстану үшін жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйымның қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.
Медициналық этика талаптарының, ұйымқызметіндегі, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу сұрақтарындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерді қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Шарттар жасасады, жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасайды. Өз құзыретіндегі сұрақтар бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымды білдіреді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібінің талаптарын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалануды, өртке қарсы қауіпсіздікті, еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды, санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтауды қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есеп беруін қамтамасыз етеді.
Білуі керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 26867 болып тіркелген).
Қатысушыларға талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (қайтада ярлаудың) сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат);
немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА или full-timeтайм (Фултайм) дәрежесі;
немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесеfull-time (Фултайм) дәрежесі;
денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімі: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы»КММ Интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін он бес күн күнтізбелік күннің ішінде.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды: конкурс өткізу туралы хабарландыруда мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) еркін нысанда баяндалған, өмірбаян;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелері немесе жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;
5)Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау Министрінің м. а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар құжаттарды кәсіпорынның Кадр қызметіне қолма-қол тәртіппен, пошта арқылы немесе электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде ұсынады: mamlutka_rb@sqo.gov. 2026 жылғы 5 маусымға дейін қоса алған мерзімде.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zdrav кандидаттарды қабылдау туралы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ ресми интернет ресурсында орналастырылады.
Конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттар 2026 жылғы 12 маусым күні сағат 15:00-ге дейін Солтүстік Қазақстан облысы, 150900, Мамлют ауданы, Мектеп-интернат көшесі, 17, әкімшілік мекенжайында әңгімелесуден өтеді, телефон 8 (71541) 20732, 8 777 4212753.