2025 жыл ішінде 6678367 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Қызмет көрсетушілер кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсеткен қызметтер саны – 0.
Қызмет көрсетушілер кеңсе арқылы қағаз түрінде баламалы негізде көрсеткен, бірақ оларды «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетуге болатын қызметтер саны – 355.
Қызмет алушымен тікелей байланыссыз қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген қызметтер (www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталдарын қоспағанда) – 873 010.
Қызмет алушымен тікелей байланыс жасау және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген қызметтер (www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталдарын қоспағанда) – 5 805 002.
ЭҮП арқылы 245712 қызмет көрсетілді.
Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет – «Дәрігердің қабылдауына жазылу».
2025 жыл ішінде ведомствоға қарасты медициналық ұйымдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 154 түсіндіру іс-шарасы (семинар, бейнеролик) өткізілді.
Мемлекеттік қызметтер бойынша, оның ішінде «Электрондық үкімет» порталын пайдалануды насихаттайтын бейнероликтер дайындау – 32.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Кеңес беру күні» өткізілді – 10.
Бекітілген жылдық жоспарға сәйкес ведомствоға қарасты медициналық ұйымдармен 4 бақылау іс-шарасы жүргізілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдар саны – 45.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша, оның ішінде электрондық форматта брошюралар, парақшалар, нұсқаулықтар дайындау – 5.
Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу – 2.
Ведомство аралық жұмыс тобы мүшелерімен бірлесіп, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау мақсатында әлеуметтік маңызы бар нысандарға бару – 3.