СҚО-да МӘС-ке негізсіз жіберулерді азайту бойынша шаралар қабылдануда

СҚО-да МӘС-ке негізсіз жіберулерді азайту бойынша шаралар қабылдануда

2026 жылғы 12 наурызда азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) негізсіз жіберу мәселелері және жекелеген нозологиялық нысандар бойынша мүгедектікті сырттай проактивті форматта белгілеудің ерекше механизмін енгізуге бағытталған пилоттық жобаны іске асыру бойынша кеңес өткізілді.

Кеңеске Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Қ. Омаров, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.Ж. Саржанов, басқарма мамандары, қала және аудан медициналық ұйымдары басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ дәрігерлік-консультативтік комиссиялардың төрағалары қатысты.

Кеңес барысында азаматтарды МӘС-ге негізсіз жіберудің нақты жағдайлары, 031/у нысанындағы «Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды» құжатын сапасыз толтыру мәселелері қарастырылып, қатысушылардың сұрақтарына тиісті түсіндірмелер берілді.

Кеңес қорытындысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының мамандарына тиісті тапсырмалар беріліп, азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жіберуді азайту бойынша алдағы шаралар айқындалды.