
Жиын барысында жаңа Конституция жобасына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Басқосуда азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, еңбек етушілердің құқықтық мәртебесі, сондай-ақ олардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету тетіктеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар еңбектің қауіпсіздігі, әділ еңбек жағдайларын қалыптастыру және медицина қызметкерлеріне арналған кепілдіктерді күшейту мәселелері талқыланды.
Кеңеске облыстық және қалалық ірі жекеменшік медициналық орталықтар, клиникалар мен стоматологиялардың жетекшілері қатысты. Қатысушыларға негізгі өзгерістер таныстырылып, кәсіби орта көтеретін өзекті сұрақтар ортаға салынды. Халықты заң нормалары мен ресми түсіндірмелерге сүйене отырып дұрыс ақпараттандырудың маңызы атап өтілді.
Кездесу ашық форматта өтті. Медицина қызметкерлері өздерін алаңдатқан сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді.