
Кездесу барысында солтүстік өңірлерге жұмысқа келген жас мамандарға ұсынылатын мүмкіндіктер таныстырылып, кадрларды әлеуметтік қолдау тетіктері нақты түсіндірілді. Болашақ дәрігерлер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Мұндай шаралар медицина саласын таңдаған жастарға қосымша мотивация берсе, өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға ықпал етеді. Айта кетейік, облыстық денсаулық сақтау басқармалары жыл сайын медициналық университеттер мен академия түлектерімен кездесулер өткізіп, кадр тарту бағытындағы жұмысты тұрақты түрде жүргізіп келеді.