Күні: 2025 жылғы «___» __________.
Өткізілетін орны: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы» КММ, Петропавл қ., Театральная көш., 56 а.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы» КММ 2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы әкімдік қаулысының жобасын әзірлеуге бастамашылық жасады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, жоба өңірдің тұрақты дамуының негізгі факторы болып табылатын кадрларды жоғары білікті деңгейде даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған қаулыны қабылдау экономиканың түрлі салаларында және денсаулық сақтау жүйесінде тиімді жұмыс істеуге қабілетті мамандарды даярлау үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Жобаның негізгі мақсаты — Солтүстік Қазақстан облысын кадрлармен қамтамасыз етуді нығайту. 2026 жылдың соңына қарай білім алушылар саны мен олардың кәсіби даярлық деңгейі бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу күтілуде. Бұл, өз кезегінде, білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға және еңбек нарығының білікті мамандарға деген қажеттілігін қанағаттандыруға ықпал етеді.
Бұл қаулыны қабылдау кадр тапшылығын азайтуға және білікті мамандармен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға септігін тигізіп, өңірге оң әлеуметтік-экономикалық әсерін тигізеді.