СҚО дәрігерлері ерлікпен қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуа́нды бір минут үнсіздікпен еске алды

СҚО дәрігерлері ерлікпен қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуа́нды бір минут үнсіздікпен еске алды

8 қарашада кезекті шақырту кезінде тұрғын үйдің қаптамасы опырылып түскен сәтте, өміріне төнген қауіпке қарамастан, Ұлдана Қалдарханқызы екі адамды құтқарып қалды. Өкінішке қарай, өзі ажал құшты.

Оның жанқиярлығы мен ерлігі ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Бүгін облыстың барлық медицина қызметкерлері әріптестерін құрметпен еске алып, бүкіл ел бойынша өткен үнсіздік минутына қосылды.

Улдананың ерлігі – адам өмірінің құндылығын, өз ісіне адалдық пен жауапкершілікті еске салатын мәңгілік өнеге.

 Жаны жәннатта болсын.