Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тайынша көп бейінді ауданаралық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі-кәсіпорын) байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды
Кәсіпорын денсаулық сақтау саласында медициналық қызметті жүзеге асырады. Кәсіпорынның мекен-жайы: СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қ., Крыжановский к-сі, 72 үй, тел. 8(71536) 2-12-57.
Қатысуға ниет білдірген адамдардың құжаттарын қабылдаудың басталу күні мерзімді баспасөз басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімінің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің болуын қамтиды:
1) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық бойынша басшы лауазымда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) Құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік.
Кандидат осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 30 күн ішінде мына мекенжайға ұсынады: Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56 А, каб. 17 келесі құжаттар:
• 1)конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда);;
* 2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
• 3)Өмірбаян (еркін нысанда);
* 4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
* 5) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
* 6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
* 7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) мына мекенжай бойынша жолдансын: Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56 А, каб. 17.
2) «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Тайынша көп бейінді ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК бақылау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және «2025 жылғы 22 желтоқсан, 17-00-ге дейін ашуға болмайды».
(Конкурстық өтінім мына мекенжайға жіберіледі: Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56 а; каб. 17. Анықтама үшін тел.: 46-94-91 электрондық пошта zdrav@sqo.gov.kz
Конверттерді ашу күні мен орны: 2025 жылғы 22 желтоқсан, жергілікті уақыт бойынша 17-00, Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56 А, каб. 17
Конкурсты өткізу күні мен орны: 2025 жылғы 26 желтоқсан, жергілікті уақытпен 15-00, Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56 А, каб. 17