«СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Аққайың аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК кәсіпорын басшысының бос лауазымына конкурс жариялайды

«СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Аққайың аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК   кәсіпорын басшысының бос лауазымына конкурс жариялайды

Кәсіпорын денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асырады. Кәсіпорынның мекенжайы: 150300, СҚО, Аққайың ауданы Смирново ауылы 25 лет Целины көшесі 55А, тел. 8(71532) 21628, 22591, akkain_rb@sqo.gov.kz
Үміткерлерге қойылатын талаптар: «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (қайта даярлаудың) сертификаттау курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат); немесе «Денсаулық сақтау», дайындық бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес және құқық» дайындық бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм) дәрежесі; Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты; басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болу қажет.
Кандидат осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде akkain_rb@sqo.gov.kz келесі құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;
5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурс жариялаған кәсіпорынға құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде құжаттарды ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.
Кәсіпорын басшысының бос лауазымының конкурсы 2025 жылғы «06» тамыз сағат 11:00 – де Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, 25 лет Целины 55А көшесі, 217 кабинет мекенжайы бойынша өткізіледі.
Анықтама телефоны: 87153222591.