Солтүстік Қазақстан облысында онлайн бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша анықталған тәуекелдер

Солтүстік Қазақстан облысында онлайн бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша анықталған тәуекелдер

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі-Департамент) білім, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт саласындағы жалақы бойынша төлемдердің мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырады.
Осылайша, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сомасы 1 066,0 млн теңгені құрайтын 4 153 жағдай бойынша 214 жауап шаралары жөнінде хат жолданып, оның ішінде 8,8 млн теңге сомасында тәуекелдер расталды, анықталған бұзушылықтардың 6,6 млн теңгесі өтелді.
Бұдан басқа, онлайн-бюджеттік мониторинг шеңберінде Департаментпен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы КММ-нің Шал ақын ауданы білім бөлімі КММ-нің «Өркен өнер мектебі» КММ-сінде (бұдан әрі – Мекеме) аудиторлық іс-шара өткізілді.
Аудит барысында қызметкердің мамандығы бойынша жұмыс өтілі дұрыс есептелмегені анықталып, бұл жалақының артық төленуіне әкелген. Сондай-ақ, еңбек жағдайларының ерекшелігі үшін 10% мөлшерінде үстемақы негізсіз есептелген. Аудит нәтижесінде бюджетке 2,1 млн теңге көлемінде өтелуге жататын қаржылық бұзушылықтар анықталды.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жолданды. Қазіргі уақытта Мекеме бюджетке 181,6 мың теңгені ішінара өтеді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.