СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы облыстағы ветеринарлық мамандардың бос орындарын жабу мақсатында «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ түлектерімен және студенттерімен жыл сайынғы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты, кездесу барысында ветеринария басқармасының басшысы Жанат Қабижанұлы Әміржанов жалпы ветеринариялық қызметтің маңыздылығы туралы айтып, сондай-ақ жас мамандарға «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде көтерме жәрдемақы беру түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілетінін, тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие берілетінін атап өтті. Сондай-ақ, кездесу барысында барлық сұрақтарға жауаптар берілді.