2024 жылғы 13 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» РҚБ Солтүстік Қазақстан филиалы ұйымдастырған «Өңірдегі малдың жаппай қырылу мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Ветеринария басқармасының ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар бөлімінің басшысы Наталья Евгеньевна Тараканова облыстың жергілікті атқарушы органдарының ветеринариялық қызметінің өңірдің ветеринариялық-санитариялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі негізгі міндеттері туралы баяндады.
Індеттен саулықты қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы Жоспарда көзделген барлық ветеринариялық іс-шаралар толық көлемде орындалып, қолда бар мал басына профилактикалық вакцина егілді және зерттеулер жүргізілді.
Бүгінгі күні облыста ауыл шаруашылығы жануарларының жаппай қырылуы тіркелген жоқ. Облыста жануарлардың жұқпалы аурулардан жаппай қырылған соңғы жағдай 2020 жылғы қыркүйек айында тіркелді. Сол кезде 9 қыркүйек - 5 қараша аралығында жеке аулаларда құс тұмауынан 18 мыңға жуық үй құсы қырылды.
Облыста бірінші кезекте су басу қаупі бар аймақтардағы елді мекендерде ветеринариялық іс-шаралар (вакциналау, диагностика) басталды.
Жануарлардың иелерімен ветеринариялық қызметті жаңадан сатып алынған жануар, алынған төл, сою, өткізу, қырылу жағдайлары, бірнеше жануардың бір мезгілде ауыруы немесе олардың ерекше мінез-құлық танытуы туралы хабардар ету тұрғысында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Жалпы, облыстың эпизоотиялық жағдайы тұрақты және бақылауға алынған.