Үй құстарындағы жоғары патогенді құс тұмауының алдын алу

Үй құстарындағы жоғары патогенді құс тұмауының алдын алу

ҚҰС ТҰМАУЫ – адамға жануарлардан жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Құстардың барлық түрі, оның ішінде тауықтар, күркетауықтар, үйректер, қырғауылдар, мысыр тауықтар, бөденелер, қара құрлар, дегелектер, шағалалар мен барлық синантропты құстардың басқа түрлері (көгершіндер, торғайлар, қарғалар, шауқарғалар және т.б.), жабайы, экзотикалық және сәндік құстар, сондай-ақ шошқалар, жылқылар, күзендер, тышқандар, мысықтар, иттер, басқа омыртқалылар мен адам да тұмауға сезімтал.

Құс иелері аурудың алдын алуды кешенді түрде жүзеге асырады, ол ұйымдастырушылық-шаруашылық сипаттағы мынадай іс-шараларды қамтиды:

  1. Құс иелерінің және/немесе құс өсіретін, сататын адамдардың санитариялық-гигиеналық, ветеринариялық-санитариялық қағидалар мен нормаларды сақтауы.
  2. Қолда бар құс басына қажетті профилактикалық іс-шаралар жүргізу мақсатында ауылдық округтің/ауданның ветеринариялық қызметін жеке қосалқы шаруашылықтардағы құстар туралы хабардар ету.
  3. Үй құстарын аула шегінен тыс аумаққа шығармау, үй құстарының жабайы құстармен, әсіресе суда жүзетін құстармен байланысын болдырмау.
  4. Үй құстары мен сәндік құстарды ветеринариялық ілеспе құжаттары болған кезде ғана сатып алу-сату.
  5. Жануарлар мен құстарды ұстайтын аумақтарды және қора-жайларды таза ұстау, барлық қора-жайлар мен аумақтарды аптасына 2-3 рет мұқият тазалап, дезинфекциялау.
  6. Жабайы және синантропты құстардың жем сақтайтын және құс ұстайтын қораларға кіріп кетпеуі үшін терезелер мен есіктерге тор құру.
  7. Үй құстары мен сәндік құстардың жемін жабайы құстар кіре алмайтын су өткізбейтін тығыздап жабылған ыдыста сақтау. Азықтандыру алдында тамақ қалдықтарын қайнату қажет.