
Індетке қарсы іс-шаралар жүйесінде жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алуға бағытталған жалпы шаралар маңызды рөл атқарады. Бұл шаралар «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттелген, онда мал иелерінің малдың саулығы, күтімі және пайдаланылуы үшін жауапкершілігі көзделген. «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттерi көрсетілген.
Мал иелерінің міндеттері:
ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердi сақтай отырып, ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шараларды жүзеге асыру;
аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу;
ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз ету;
жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені;
жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені;
жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлау және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдану;
ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақтылы вакцина егу және олардың диагностикасын қамтамасыз ету;
союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн сою және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеу;
кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтiн кәсiпорындарда, сою пункттерiнде немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) союды жүзеге асыру; жануарларды карантинге қою;
ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсету.
Өңірімізді мал індетінен сақтау мақсатында мемлекеттік ветеринариялық қызмет барлық мал иелеріне және ауыл шаруашылығы жануарларын ұстаумен айналысатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларына барлық қажетті диагностикалық және емдеу-профилактикалық ветеринариялық іс-шараларды қатаң орындауға кеңес береді.