
Бескөл ауылы
2022 жылғы 24 маусымда СҚО әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасының қызметкерлерi Қызылжар ауданы ветеринариялық станциясының қызметкерлерiмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселесi бойынша көшпелi кеңес өткiздi.
Кеңеске әкiмшiлiк-құқықтық бөлiмнiң басшысы А.Т. Джетекенов, заңгер Қалиев С.А., Қызылжар ауданы ветеринариялық станциясының басшылығы мен қызметкерлерi қатысты.
Кеңеске қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтау жөнiнде ақпарат мәлiмделдi.
Ветеринариялық станция басшысына қарамағындағылардың қызметiн бақылауды күшейтуге, ветеринариялық анықтамалар беру кезiнде, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру және вакциналау кезiнде қызметкерлердiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана деңгейiн арттыруға қатысты тапсырмалар берiлдi.