
СҚО әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасының басшысы Б.А. Әлжанов ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерiмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселесi бойынша көшпелi кеңес өткiздi.
Кеңеске Есiл ауданы ветеринариялық станциясының басшылығы мен қызметкерлерi, сондай-ақ бейнеконференц-байланыс режимiнде аудандар мен Петропавл қаласы ветеринариялық станцияларының директорлары қатысты.
Кеңеске қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтау жөнiнде ақпарат мәлiмделдi.
Ветеринариялық станция басшыларына қарамағындағылардың қызметiн бақылауды күшейтуге, ветеринариялық анықтамалар беру кезiнде, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру және вакциналау кезiнде қызметкерлердiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана деңгейiн арттыруға қатысты тапсырмалар берiлдi.