
2022 жылғы 3-6 мамыр аралығында ветеринария басқармасы басшысының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекiтiлген Бақылау iс-шаралары жоспарына сәйкес iшкi бақылау қызметiнiң бас маманы А.Ә. Әбiшев «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ «Жамбыл ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК қызметiнде мемлекеттiк қызметтердiң көрсетiлуiне iшкi бақылау жүргiздi. Бақылау iс-шаралары барысында Архангелка, Благовещенка, Жамбыл, Казанка, Қайранкөл, Кладбинка, Майбалық, Мирный, Озерный, Пресноредуть, Первомай, Пресновка, Троицк ауылдық округтерiне барды. Аздаған бұзушылықтар анықталып, тексеру барысында жойылды. Жергiлiктi жерлерде мемлекеттiк қызметтер көрсететiн жауапты адамдармен ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидаларын сақтау мәселелерi жөнiнде түсiндiру жұмысы жүргiзiлдi. Сондай-ақ тұрғындар, ауылдық округ әкiмдерi мен әкiм аппараты мамандары арасында ветеринар мамандардың мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасы жөнiнде түсiндiру жұмысы жүргiзiлдi.